Ақтөбе облысында заңсыз жүрген шетелдіктер елден шығарылды

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жеке кәсіпкер жазаланды
Sputnik
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер елден шығарылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Кеңқияқ ауылында полиция заңсыз еңбек еткен 15 шетелдікті анықтады.
Көрші елдің азаматтары мектеп салумен айналысқан. Шетелдіктер полиция бөліміне жеткізілді. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен елден шығарылды.
Сондай-ақ жеке кәсіпкерге қатысты шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін хаттама толтырылды.
Еңбек министрлігі мигранттар келетін негізгі 4 елді атады