Су тасқыны: Батыс Қазақстанның Бөрлі ауданында баспана мәселесі толық шешілді

Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті табысталды
Sputnik
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстанның Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккендердің барлығы баспанамен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Ауданда 126 үй апатты деп танылған. Соның ішінде 66 отбасы үшін жаңа пәтерлер сатып алынды. Ал қалған 60 адам жаңа баспана сұрады. Оларға жеке тұрғын үйлер салынды. Атап айтқанда, Ақсу ауылында – 23, Кеңтүбек ауылында – 11, Пугачев ауылында – 12, Аралтал ауылында – 14 тұрғын үйдің 22 мамырда басталған.
Бүгін аудан тұрғындары жаңа үйдің кілтін алды. Олардың ішінде Иманалиевтер отбасы да бар. Иманалиевтердің жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған.
"Пугачев ауылына 2006 жылы отбасымызбен көшіп келіп, үй салып алдық. Сол салған үйімізді наурыз айының аяғында тасқын су басты. Дегенмен, арада көп уақыт өтпей бүгін баспаналы болып жатырмыз. Жарық, кең, 3 бөлмелі, үлкен, барлық жағдайы жасалған баспанаға қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Осындай жағдай жасаған мемлекет басшысына алғысымды білдіремін", - дейді Ақкенже Иманалиева.
Бүгінде Бөрлі ауданында су тасқынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілді.
Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасына жаңа үй мен пәтер берілді