Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасына жаңа үй мен пәтер берілді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент встретился с эвакуированными жителями СКО
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2024
Жазылу
3 981 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге деп өтемақы алды
АСТАНА, 5 - маусым - Sputnik. Қазақстан үкіметі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда.
31 552 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды.
"717 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтерге ие болды. Мәселен, Қостанай облысының тұрғындарына 298 үй/пәтер ұсынылса, Ақмола облысында — 85, Ақтөбе облысында — 121, Солтүстік Қазақстан облысында — 135, Батыс Қазақстан облысында — 70, Қарағанды облысында — 6, Павлодар облысында — 2 жаңа баспана берілді. Зардап шеккен тұрғындарға арнап шамамен 1 862 жаңа үй салынып жатыр", - делінген үкіметтің хабарламасында.
3 981 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге деп өтемақы алды.
5 066 отбасына жоғалған аса қажетті дүние-мүлкін сатып алу үшін 150 АЕК мөлшерінде қосымша көмек көрсетілді.
Бұдан басқа, зардап шеккен 34 шағын және орта бизнес субъектісінің жалпы сомасы 377 млн теңгелік шығыны өтелді. Барлық облыста өңірлік және аудандық комиссиялар жұмыс істеп жатыр. Шығындарды өтеу және құжаттарды тапсыру тәртібін түсіндіру үшін 1432 нөмірі бойынша "Атамекен" ҚР ҰКП "жедел желісі" іске қосылған.
Здание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Олжас Бектенов біржолғы өтемақы төлеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды
Жаңалықтар
0