АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінгі жекпе-жекте Оралбай әзербайжандық Альфонсо Домингеспен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы рингтің ортасын бермеді, ал қарсыласы қашып жүріп, ұпай жинады. Оралбай өз қысымын азайтпады. Бірақ төрешілер шешімімен ұтылды.
Домингес әлем чемпионы болған, ал Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанды. Париж Олимпиадасында танымал кубалық боксшы Хулио Сесар ла Крусты жарыс жолынан шығарып жіберді.
Айта кетері, Париж Олимпиадасына ерлер құрамасы барлық жеті салмақ бойынша жолдама ұтып алған еді. Төрт боксшымыз - Асланбек Шымбергенов (71 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары), Махмұд Сабырхан (57 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі) жарыс жолынан шығып қалды. Үшеуі – Сәкен Бибосынов (51 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (62,5 келі) мен Нұрбек Оралбай (80 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі) ширек финалға өткен еді.