Махмұд Сабырхан Олимпиадамен қош айтысты

© PhotoМахмуд Сабырхан
Махмуд Сабырхан - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасының алғашқы айналымынан өте алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінгі жекпе-жекте Сабырхан испаниялық Килес Бротонспен кездесті. Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы ұтылды. Есеп – 1:4.
Бұған дейін команда капитаны Асланбек Шымбергенов бірінші айналымнан өте алмайды. Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев та алғашқы қарсыласынан жеңілді.

Айта кетері, Париж Олимпиадасына ерлер құрамасы барлық жеті салмақ бойынша жолдама ұтып алған еді. Үш боксшымыз жарыс жолынан шығып кеткеннен кейін төртеуі – Сәкен Бибосынов (51 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (62,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі) қалды. Олар ширек финалға өтті.
Асланбек Шымбергенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2024
Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жекте ұтылып қалды
Жаңалықтар
0