Олимпиада-2024: Назым Қызайбай ширек финалға шықты

Ол бразилиялық Каролайн Барбоза де Алмейданы айқын басымдықпен жеңді
Sputnik
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Қызайбай бразилиялық Каролайн Барбоза де Алмейданы айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0. Енді ширек финалда Колумбия өкілімен кездеседі. Бүгінгі қарсыласы Каролайн Барбоза былтыр Панамерика ойындарының жеңімпазы болған.
Айта кетері, Назым Қызайбай 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ал 75 келі бойынша Париж Олимпиадасына барған Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жекте ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.

Тағы бір боксшы қызымыз Карина Ибрагимова 57 келіде бақ сынайды.
Махмұд Сабырхан Олимпиадамен қош айтысты