Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Боррель Қазақстаннан "соғысты тоқтатуға" күш салуды өтінді

Еуропалық одақтың жоғарғы өкілі Қазақстанның БҰҰ жарғысын қорғайтынын және халықаралық құқық тәртібін үнемі жақтайтынын ерекше атап өтті
Sputnik
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Қазақстанды бірлесіп соғысты тоқтатуға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Астанада сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропоодақтың жоғарғы өкілі Жозеп Боррельмен келіссөздер өткізді. Ал арнайы брифингте одақтың өкілі қазіргі тұрақсыз геосаяси жағдайға тоқталды.
"Біз жоғары геосаяси тұрақсыздыққа тап болдық. Мен бұны көптен бері айтып келемін. Украинаға қарсы ресейлік агрессия, сондай-ақ Таяу Шығыстағы ауыр жағдайлар – бұның барлығы үлкен қауіп және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарының бұзылуы деп санаймыз. Біз Газадағы трагедияны да үлкен алаңдаушылықпен бақылап отырмыз. Бұл қақтығыс бүкіл аймаққа таралып кетуі мүмкін. Адамдардың өлімі де аймақтағы шиеленісті тоқтатпай жатыр", - деді Боррель.
Осы орайда Еуропалық одақтың жоғарғы өкілі Қазақстанның БҰҰ жарғысын қорғайтынын және халықаралық құқық тәртібін үнемі жақтайтынын ерекше атап өтті.
"Біз сіздердің қолдауларыңызды жоғары бағалаймыз және өз әлеуетіңізді толығымен пайдаланасыз деп сенеміз. Осы соғыстың соңына жету үшін нақты шараларды жалғастыра беруіңізді де қолдаймыз", - деп атап көрсетті Боррель.
Еуроодақ өкілі қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуді қолдайды