https://sputnik.kz/20240801/borrel-qazaqstannan-sogysty-toqtatuga-kush-saludy-otindi-46042003.html
Боррель Қазақстаннан "соғысты тоқтатуға" күш салуды өтінді
Боррель Қазақстаннан "соғысты тоқтатуға" күш салуды өтінді
Sputnik Қазақстан
Еуропалық одақтың жоғарғы өкілі Қазақстанның БҰҰ жарғысын қорғайтынын және халықаралық құқық тәртібін үнемі жақтайтынын ерекше атап өтті 01.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-01T18:08+0500
2024-08-01T18:08+0500
2024-08-01T18:08+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ресей
қақтығыс
еуропалық одақ
https://sputnik.kz/img/07e8/08/01/46031688_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_120cfcb89d11a10a0c2fbee34372fe77.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Қазақстанды бірлесіп соғысты тоқтатуға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін Астанада сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропоодақтың жоғарғы өкілі Жозеп Боррельмен келіссөздер өткізді. Ал арнайы брифингте одақтың өкілі қазіргі тұрақсыз геосаяси жағдайға тоқталды.Осы орайда Еуропалық одақтың жоғарғы өкілі Қазақстанның БҰҰ жарғысын қорғайтынын және халықаралық құқық тәртібін үнемі жақтайтынын ерекше атап өтті."Біз сіздердің қолдауларыңызды жоғары бағалаймыз және өз әлеуетіңізді толығымен пайдаланасыз деп сенеміз. Осы соғыстың соңына жету үшін нақты шараларды жалғастыра беруіңізді де қолдаймыз", - деп атап көрсетті Боррель.
https://sputnik.kz/20240801/euroodaq-okili-qazaqstandyqtar-ushin-vizalyq-rezhimdi-zhenildetudi-qoldaydy-46036421.html
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/01/46031688_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_607756c720f03983d940e3fb014eba2a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей, қақтығыс, еуропалық одақ
украина, ресей, қақтығыс, еуропалық одақ
Боррель Қазақстаннан "соғысты тоқтатуға" күш салуды өтінді
Еуропалық одақтың жоғарғы өкілі Қазақстанның БҰҰ жарғысын қорғайтынын және халықаралық құқық тәртібін үнемі жақтайтынын ерекше атап өтті
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Қазақстанды бірлесіп соғысты тоқтатуға үндеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Астанада сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропоодақтың жоғарғы өкілі Жозеп Боррельмен келіссөздер өткізді. Ал арнайы брифингте одақтың өкілі қазіргі тұрақсыз геосаяси жағдайға тоқталды.
"Біз жоғары геосаяси тұрақсыздыққа тап болдық. Мен бұны көптен бері айтып келемін. Украинаға қарсы ресейлік агрессия, сондай-ақ Таяу Шығыстағы ауыр жағдайлар – бұның барлығы үлкен қауіп және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарының бұзылуы деп санаймыз. Біз Газадағы трагедияны да үлкен алаңдаушылықпен бақылап отырмыз. Бұл қақтығыс бүкіл аймаққа таралып кетуі мүмкін. Адамдардың өлімі де аймақтағы шиеленісті тоқтатпай жатыр", - деді Боррель.
Осы орайда Еуропалық одақтың жоғарғы өкілі Қазақстанның БҰҰ жарғысын қорғайтынын және халықаралық құқық тәртібін үнемі жақтайтынын ерекше атап өтті.
"Біз сіздердің қолдауларыңызды жоғары бағалаймыз және өз әлеуетіңізді толығымен пайдаланасыз деп сенеміз. Осы соғыстың соңына жету үшін нақты шараларды жалғастыра беруіңізді де қолдаймыз", - деп атап көрсетті Боррель.