АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобилдік қосымшасын пайдалануды ұсынады.
Бұл өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Dari.kz қалай жұмыс істейді?
Dari.kz қосымшасының көмегімен пайдаланушылар бағаның қымбаттағаны туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Бұл үшін:
1.
Дәрі-дәрмектің түбіртегі мен қаптамасының суретін жүктеу қажет.2.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтініш жіберу керек.Қосымша сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Бұл дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды жақсартуға көмектеседі.
Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кеткені үшін айыппұлдар көзделгенін еске салады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес мынадай айыппұлдар көзделген:
Жеке тұлғалар: 70 АЕК.
Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.
Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.
Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.
Dari.kz қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.