АЛМАТЫ, 31 шілде - Sputnik. Ұлытау облысында қаржы пирамидасымен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды қаржылық мониторингі агенттігі.
Екі тұрғын 9 айдан астам уақыт бойы "MetaGo" қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалаумен айналысқан. Сондай-ақ оның Жезқазған қаласындағы аумақтық құрылымдық бөлімшесін басқарған.
Олар жоғары табыс табуға уәде беріп, облыс тұрғындарының инвестицияларын тартқан.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталғандай, күдіктілердің заңсыз қызметінен түскен табыс сомасы 68 млн теңгеден асқан.
37 млн теңгеден астам сомасындағы мүлікке тыйым салынды.