Қаржы пирамидасын басқарды деген күдікке ілінген әйел Армениядан экстрадицияланды

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, финансы, Финансовая пирамида
Монеты, финансы, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2024
Жазылу
Күдіктінің заңсыз әрекеті салдарынан қырыққа жуық жәбірленуші 167 млн теңгеден астам сомаға алданған
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Армениядан қаржы пирамидасын басқарған тағы бір күдікті экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
"Бүгін Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Армениядағы елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадициялады", - деп жазылған хабарламада.
2019 - 2021 жылдар аралығында күдікті әйел Қостанай облысындағы "Finiko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған, салдарынан жалпы сомасы 167 млн теңгеден астам сомаға қырыққа жуық жәбірленуші алданған.
Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын жазаның әртүрлі түрлеріне сотталған, ал қылмыс жасалғаннан кейін күдікті Арменияда жасырынған және ол сол елде ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды.
Айып тағылған қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Жаңалықтар
0