Елімізде ірі теңіз көлік-логистикалық кластері құрылады

Теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды
Sputnik
АСТАНА, 29 шілде - Sputnik. Үкімет порттарды дамытудың жаңа жоспарын таныстырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды. Құжат Ақтау және Құрық порттарының базасында ірі теңіз көлік-логистикалық кластерін құруды көздейді. Бұл контейнерлерді өткізу қабілетін арттыруға, жүктерді ауыстырып тиеу терминалдарын және халықаралық тасымалдардың логистикасын дамытуға, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік бермек.
Жоспар аясында Құрық портының акваториясын тереңдету жұмыстары жоспарланған, сондай-ақ алдағы уақытта Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмысы қолға алынады. Жобалардың негізгі үлесі жеке инвестициялар есебінен салынбақ. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту шеңберінде жоспарланған инвестициялар да бар. Биылғы 6 айда Транскаспий халықаралық көлік бағытын бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 65%-ға артып, 2,1 млн тоннаны құрады.
Қазақстанда Құрық порты арқылы жүк тасымалдау көлемі жыл басынан бері 15%-ке артты