Париж Олимпиадасы: қазақстандық дзюдошы жарыс жолынан шығып қалды

Шамшаев үш ескерту алғаннан кейін жарыстан шығарылды
Sputnik
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Қазақстандық Данияр Шамшаев Париж Олимпидасында бірінші айналымда ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бірінші айналымда Шамшаев өзбекстандық Муруджон Юлдашевпен кездесті. Негізгі уақытта қазақстандық дзюдошы екі рет ескерту алды. Ал жекпе-жектің аяқталуына санаулы секунд қалғанда екеуіне де шидо берілді. Шамшаев үш ескерту алғаннан кейін жарыстан шығарылды. Осылайша, 73 келі салмақта өнер көрсетіп жүрген споршымыз бірінші айналымнан өте алмады.
Айта кетері, бұған дейін 60 салмақта Елдос Сметов Олимпиада алтынын жеңіп алса, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болды.
Ғұсман Қырғызбаев - Париж олимпиадасының қола жүлдегері