АСТАНА, 29 шілде - Sputnik. Халықаралық Олимпиада комитеті әлеуметтік желіде кешірім сұрап, жария мәлімдеме жасады.
Мұндай мәлімдемеге Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатындағы "белгілі бір сәттер" себеп болған.
ХОК 26 шілдеде трансвеститтердің және ЛГБТ* қауымдастығы өкілдерінің (Ресейде экстремистік қозғалыс деп танылған және тыйым салынған) өнер көрсетуіне, әсіресе Леонардо да Винчидің "Құпия кешкі ас" туындысына пародиясына осындай түсініктеме берді.
"Қандай да бір діни топқа немесе наным-сенімге құрметсіздік көрсету ниеті болған емес. Егер кімде-кім белгілі бір көріністерге наразы болса, бұл әдейі жасалмаған және мұндай болғаны өкінішті", - деп жазылған постта.
Бұған дейін Париж Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің коммуникациялар жөніндегі директоры Энн Дескам кешірім сұрады.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде ХОК Париж ойындарын ұйымдастыру комитетінің ашылу салтанатына қатысты берген түсіндірмелерін назарға алғанын және құптайтынын хабарлады.
Ашылу салтанатында ХОК туын төңкеріп ұстау және диктор Оңтүстік Корея құрамасын КХДР командасы ретінде таныстыру сияқты басқа да келеңсіз сәттер болды.