https://sputnik.kz/20240729/khalyqaralyq-olimpiada-komiteti-zhurtshylyqtan-keshirim-surady-45937056.html
Халықаралық Олимпиада комитеті жұртшылықтан кешірім сұрады
Халықаралық Олимпиада комитеті жұртшылықтан кешірім сұрады
Sputnik Қазақстан
ХОК Париждегі Олимпиада ойындардың ашылу салтанатына қатысты мәлімдеме жасады 29.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-29T09:29+0500
2024-07-29T09:29+0500
2024-07-29T09:45+0500
олимпиада-2024
https://sputnik.kz/img/07e8/07/11/45723306_0:274:3071:2001_1920x0_80_0_0_81e02086cfb365a7c97b2d3e6b817c15.jpg
АСТАНА, 29 шілде - Sputnik. Халықаралық Олимпиада комитеті әлеуметтік желіде кешірім сұрап, жария мәлімдеме жасады.Мұндай мәлімдемеге Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатындағы "белгілі бір сәттер" себеп болған.ХОК 26 шілдеде трансвеститтердің және ЛГБТ* қауымдастығы өкілдерінің (Ресейде экстремистік қозғалыс деп танылған және тыйым салынған) өнер көрсетуіне, әсіресе Леонардо да Винчидің "Құпия кешкі ас" туындысына пародиясына осындай түсініктеме берді."Қандай да бір діни топқа немесе наным-сенімге құрметсіздік көрсету ниеті болған емес. Егер кімде-кім белгілі бір көріністерге наразы болса, бұл әдейі жасалмаған және мұндай болғаны өкінішті", - деп жазылған постта.Бұған дейін Париж Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің коммуникациялар жөніндегі директоры Энн Дескам кешірім сұрады.Сондай-ақ әлеуметтік желіде ХОК Париж ойындарын ұйымдастыру комитетінің ашылу салтанатына қатысты берген түсіндірмелерін назарға алғанын және құптайтынын хабарлады.Ашылу салтанатында ХОК туын төңкеріп ұстау және диктор Оңтүстік Корея құрамасын КХДР командасы ретінде таныстыру сияқты басқа да келеңсіз сәттер болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/11/45723306_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_764619727d9f577395ab6f678624c004.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада-2024
Халықаралық Олимпиада комитеті жұртшылықтан кешірім сұрады
09:29 29.07.2024 (жаңартылды: 09:45 29.07.2024) ХОК Париждегі Олимпиада ойындардың ашылу салтанатына қатысты мәлімдеме жасады
АСТАНА, 29 шілде - Sputnik. Халықаралық Олимпиада комитеті әлеуметтік желіде кешірім сұрап, жария мәлімдеме жасады.
Мұндай мәлімдемеге Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатындағы "белгілі бір сәттер" себеп болған.
ХОК 26 шілдеде трансвеститтердің және ЛГБТ* қауымдастығы өкілдерінің (Ресейде экстремистік қозғалыс деп танылған және тыйым салынған) өнер көрсетуіне, әсіресе Леонардо да Винчидің "Құпия кешкі ас" туындысына пародиясына осындай түсініктеме берді.
"Қандай да бір діни топқа немесе наным-сенімге құрметсіздік көрсету ниеті болған емес. Егер кімде-кім белгілі бір көріністерге наразы болса, бұл әдейі жасалмаған және мұндай болғаны өкінішті", - деп жазылған постта.
Бұған дейін Париж Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің коммуникациялар жөніндегі директоры Энн Дескам кешірім сұрады.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде ХОК Париж ойындарын ұйымдастыру комитетінің ашылу салтанатына қатысты берген түсіндірмелерін назарға алғанын және құптайтынын хабарлады.
Ашылу салтанатында ХОК туын төңкеріп ұстау және диктор Оңтүстік Корея құрамасын КХДР командасы ретінде таныстыру сияқты басқа да келеңсіз сәттер болды.