Оқиға

Шымкенттегі күкірт өрті толық сөндірілді

Мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр
Sputnik
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Шымкенттің индустриалдық аймағындағы күкірт өрті толығымен сөндірілді, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Кеше кешке басталған өртті мамандар жексенбінің таңына қарай сөндірді.
"ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Себебі анықталып жатыр", - деп жазды ведомство өзінің Telegdam-арнасында.
Еске салайық, кешке кешке қарай Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Еңбекші ауданында орналасқан "Ордабасы" индустриалдық аймағының аумағында күкірт жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндірушілер келген кезде ашық күкірттің жануы анықталды.
ТЖМ күштері жедел күкірттің ашық жануына қарсы жұмыстарды бастап, жедел штаб ұйымдастырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Алматыдағы "барахолкадан" өрт шықты