Алматыдағы "барахолкадан" өрт шықты

© SputnikТушение пожара на складах в Алматы
Тушение пожара на складах в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2024
Жазылу
Сауда бутиктері, яғни екі деңгейлі контейнерлер өртенді
АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Алматыда "Мизам" базарынан өрт шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 16 шілде сағат 16:59-да болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жеткен.
"Көлік кептелісіне қарамастан, өрт сөндірушілер оқиға орнына алты минутта жетті. Сауда бутиктері, яғни екі деңгейлі контейнерлер өртенген. Өрт туралы хабарлама кеш түсті", - дейді ведомство.
Сондай-ақ тез жанатын заттың көптігінен тілсіз жау тез тарап, біраз жерді күлге айналдырған.
Жаңалықтар
0