АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте ұтылып қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
71 келі салмақта алғашқы жекпе-жекке шыққан Шымбергенов иорданиялық Зеяд Ишаишке жол берді.
"Бірінші раундты төрешілер 3:2 есебімен Асланбекке берген. Екінші раундта да осы есеп сақталды. Ал үшінші раундта қарсылас белсенді қимылдап, жеңіске жетті", - деп жазылған хабарламада.
Осылайша, бокстан Қазақстан командасының бір мүшесі жарысты аяқтады.