Спорт

Қазақ бокс мектебі әлемдегі ең мықты мектеп саналады – Головкин

© Photo : ҚР ҰОК ресми сайтыҚазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасымен кездесті
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасымен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2024
Жазылу
Геннадий Головкин қазақстандық боксшылармен кездесті
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Бусто-Арсициода бокстан Қазақстан ерлер және әйелдер командасымен кездесті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазіргі таңда қазақстандық боксшылар Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысып жатыр.
ҰОК басшысы Италияға арнайы келіп, бейресми жағдайда спортшылармен кездесті. Ол іріктеу турнирінің ең жауапты кезеңі алдында өз кеңесін бөлісіп, қолдау көрсетті.
"Мен мұнда біздің командамызға қолдау көрсету үшін келдім. Мен де кезінде сіздердің орныңызда болған қарапайым адам екенімді көргендеріңізді қаладым. Қазір әрқайсыңызда үлкен жауапкершілік тұр. Міне, осының бәрін қабылдай білу қажет. Шаршы алаңда үш раунд бойы бар күшті салып, мүмкіндікті жібермеу керек. Қазақ бокс мектебі әлемдегі ең мықты мектеп саналады. Сондықтан бізге бұл дәстүрді жалғастыру үшін аянбау керектігін ұмытпайық", - деді Головкин бапкерлер мен боксшылар қауымына.
Ол боксшылармен үнемі бірге және әрдайым қолдауға дайын екенін атап өтті.
Головкин командалық рухты жоғалтпай, әрдайым ауызбіршілікте болып, бір-біріне қолдау көрсетіп, Қазақстан намысын абыроймен қорғауға тілектестік білдірді.
"Бізге қолдау көрсетіп, рухымызды көтергеніңіз үшін алғысымыз шексіз. Сізді көргеніміз үшін шын жүректен қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз бір – еліміз үшін лицензия алу. Алдағы басты мақсатымыз айқын, қолымыздан келгенше аянып қалмаймыз", - деді ерлер командасының капитаны Асланбек Шымбергенов.
В заседании Генеральной Ассамблеи НОК РК принимает участие Геннадий Геннадьевич Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2024
Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды
Жаңалықтар
0