Спорт

Қазақстанның тағы бір теннисшісі Олимпиадаға қатыспайтын болды

Путинцева алғашқы кездесуге де шыға алмады
Sputnik
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қазақстанның әйелдер құрамасының көшбасшысы Юлия Путинцева бүгінгі кездесудің алдында Париж Олимпиадасына қатыспауға шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Теннис федерациясы таратқан ақпаратқа сәйкес, Путинцева алғашқы кездесуге де шыға алмады. Себебі жаттығу кезінде тізесі қатты ауыра бастаған. Медициналық тексерістен кейін алғашқы матчтан бас тартуға шешім қабылданды. Осылайша, Қазақстанның тағы біртеннисшісі Олимпиадаға қатыспайтын болды.
Бұған дейін жарыс жолынан Елена Рыбакина шығып қалған еді. Дәрігерлер оған ұшаққа отыруға да тыйым салған болатын.
Спорт
Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайды – теннис федерациясы