Спорт

Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайды – теннис федерациясы

© AFP 2024 / ALAIN JOCARDЕлена Рыбакина
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2024
Жазылу
Федерация оның себебін айтты
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қазақстандық теннисші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайды, деп хабарлайды теннис федерациясының ресми сайты.
Рыбакинаның денсаулығы сыр берді. Дәрігерлер оған ұшаққа отыруға да тыйым салды.
" Қазіргі кезде Елена жіті бронхит ауруына шалдыққан. Дәрігерлер оған кортқа шықпақ түгілі, тіпті ұшақпен жарысқа ұшып баруына да қатаң тыйым салған. Рыбакина Олимпиадада керемет ойын көрсету үшін барын салып дайындалды, алайда сырқатына байланысты бұл мүмкін болмады", - делінген федерация хабарламасында.
Елена Рыбакина жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша румыниялық Кристиан Жаклинмен кездесуі керек еді.
Теннисші қазақстандықтарға үндеу жолдады. Оның айтуынша, Уимблдон турнирінен кейін жіті бронхитпен ауырып қалған. Жаттығуға оралуға тырысқан. Бірақ ағзасы толықтай қалпына келмеген. Ал дәрігерлер кортқа шығуға қатаң тыйым салды.
"Париж Олимпиадасында біздің құрама үшін өнер көрсетіп, ел үмітін ақтай алмайтыным өте өкінішті. Токиода медальға қол созым жерде болдым. Парижде Қазақстан үшін алтын алуға мұқият дайындалдым. Өкінішке қарай, ауру бұл жоспардың орындалуына мүмкіндік бермеді", - дейді Рыбакина.
Ол азақстандық спортшыларға Парижде сәттілік пен табыс тіледі.
Айта кетері, Токио Олимпиадасында Рыбакина қола үшін таласты. Бірақ украиналық Элина Светолинаға жол беріп қойды.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2024
Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің жартылай финалына шықты
Жаңалықтар
0