Елдос Сметов әлемнің үздік дзюдошысын жеңді

Осылайша, Сметов жартылай финалға өтті
Sputnik
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ширек финалда өткен жекпе-жекте Сметовке қарсы тайпейлік Ян Юнвэй шықты. Ол әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Жекпе-жектің басында Юнвэй шидо алып қалды. Осыдан кейін Сметов өз әдісін жасап, вазариге ие болды. Иппонмен жеңуге де мүмкіндігі болды. Бірақ төрешілер екінші вазариді алып тастады. Қарсыласы жекпе-жектің соңына дейін ештеңе істей алмады. Есеп – 1:0. Осылайша, Сметов жартылай финалға өтті.
Бұған дейін қазақстандық дзюдошы нидерландтық Торнике Чкадуаны, одан кейін украиналық Дильшот Халматовты жеңіп, ширек финалға шыққан болатын.
Олимпиада - 2024: Елдос Сметов алғашқы қарсыласын жеңді