Олимпиада - 2024: Елдос Сметов алғашқы қарсыласын жеңді

© Туризм және спорт министрлігіЕлдос Сметов
Елдос Сметов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Олимпиадада алғашқы белдесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бірінші айналымда Сметов Нидерланд спортшысы Торнике Чкадуамен кездесті. Жекпе-жектің басында екеуі де баяу күрескені үшін төрешіден ескерту алды. Артынан қазақстандық дзюдошы тағы бір шидо алып қалды. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады.
Ал қосымша уақытта Сметов белсенді қимылдай бастады. Сол кезде қарсыласы да екінші ескерту алды. Торнике ережені де бұзды. Төрешілер оны байқап, үшінші шидо берді. Осылайша, Сметовқа алғашқы жекпе-жекте жеңіске жетті.
Айта кетері, Сметов осымен үшінші рет Олимпиадаға қатысып отыр. Бұған дейін Рио Олимпиадасында күміс медаль, ал Токиода қола жүлдеге ие болды.
Жаңалықтар
0