Абиба Абужақынова жартылай финалға өте алмады

Ол ширек финалда Лаура Мартинеспен белдесті
Sputnik
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Париж Олимпиадасының ширек финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Абужақынова испаниялық Лаура Мартинеспен белдесті. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады. Ал қосымша уақытта испаниялық дзюдошының жолы болды. Мартинес айласын асырып, Абужақыновадан басым түсті.
Испаниялық спортшы финалға өтсе, Абужақынова қола үшін таласа алады.
"Қарсыласын 19 секундта жеңді": Абиба Абужақынова ширек финалға өтті