Абиба Абужақынова жартылай финалға өте алмады

© Photo : Национальный олимпийский комитет КазахстанаКазахстанская дзюдоистка Абиба Абужакынова
Казахстанская дзюдоистка Абиба Абужакынова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2024
Жазылу
Ол ширек финалда Лаура Мартинеспен белдесті
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Париж Олимпиадасының ширек финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Абужақынова испаниялық Лаура Мартинеспен белдесті. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады. Ал қосымша уақытта испаниялық дзюдошының жолы болды. Мартинес айласын асырып, Абужақыновадан басым түсті.
Испаниялық спортшы финалға өтсе, Абужақынова қола үшін таласа алады.
Абиба Абужақынова ширек финалға өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2024
"Қарсыласын 19 секундта жеңді": Абиба Абужақынова ширек финалға өтті
Жаңалықтар
0