Астанада тағы бір әзілкеш қамауға алынды

Меркуль бір мейрамханада өнер көрсету кезінде балағат сөздер айтқан
Sputnik
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Астана соты стендап әзілкеш Александр Меркульді 10 тәулікке қамауға алуға шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың ресми хабарламасына сілтеме жасап.
Меркуль бір мейрамханада өнер көрсету кезінде балағат сөздер айтқан. Ал оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Осыдан кейін сықақшы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) бойынша жауапқа тартылды. Осы бапта 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 5-15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы қарастырылған.
Сотта Меркуль өз кінәсін мойындап, айыппұл салуды өтінді. Алайда судья оны 10 тәулікке қамауға алуға шешім шығарды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, өткен айдың соңында әзілкеш Тұрсынбек Қабатов 5 күнге қамауға алынды. Ол ұшақ бортында мас күйде әдепсіз сөздер айтып, жанжал шығарған еді.
Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды