Майқайың кенішіндегі апат: автобус жүргізушісінің денесі табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Майқайың кенішде шұңқырға құлаған автобус жүргізушісінің денесі табылды, деп хабарлайды Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
"Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде сағат 16: 05-те экскаватор шелегінің көмегімен топырақты бұғаттаудан шығару барысында 75 метр тереңдікте жүргізушінің денесі табылып, сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар мамандары құтқару жұмыстарының аса ауырлықпен жүргізілгенін айтады.
"Іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы және үлкен тәуекелмен жүргізілді. Тау жыныстары мен топырақ құлаумен болды. Жұмыстарға әртүрлі саланың 200-ден астам қызметкері тартылды. 180 мың тоннадан астам тау массасы шығарылды. Бұл шағын экскаваторға автобустың орналасқан жеріне түсіп, жұмысты бастауға мүмкіндік берді", - дейді төтенше жағдайлар мамандары.
Құтқарушылар шұңқырдың түбіндегі экскаваторлар мен басқа мамандардың жұмысын сақтандыру және қауіпсіздіктерін үнемі қамтамасыз етіп отырған.
Еске сала кетейік, биыл 4 қаңтарда адамдар мінген автобус жер астына құлап кетті. Автобуста 4 адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.