АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы бас директоры М.Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Ведомствоының мәліметінше, тергеу қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалану фактісі бойынша жүргізілді. Бұл мемлекетке аса ірі залал түрінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырды.
"Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдар аралығында жеткізушінің жеткізілген жабдыққа тиесілі кепілдік мерзімі уақытында Атырау мұнай өңдеу зауытының қаражатынан ақшаны негізсіз бөліп, жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деген күдікке ілінді", - делінген агенттік таратқан хабарламада.
Мұратовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.