https://sputnik.kz/20240228/atyrauda-munay-ondeu-zauytynyn-basshylygy-tergeuge-alyndy-42546475.html
Атырауда мұнай өңдеу зауытының басшылығы тергеуге алынды
Атырауда мұнай өңдеу зауытының басшылығы тергеуге алынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг... 28.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-28T08:31+0500
2024-02-28T08:31+0500
2024-02-28T08:31+0500
атырау облысы
мұнай өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/02/15354161_0:78:1281:798_1920x0_80_0_0_1c243198ee5628e11d85a88758045660.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.Агенттіктің облыстық департаменті прокуратураның үйлестіруімен мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Зауыттың басшылығына айып тағылып отыр.Айта кетері, бұған дейін зауыттың бас инженері әлеуметтік желіде видео жариялап, жаңадан тағайындалған бас директордың әрекетіне арызданды. Қаржыны жымқыру фактілері болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бас дирекктор Ғалымжан Жусанбаев видео жазып, бірнеше қызметкерге қатысты қылмыстық істің қозғалғанын айтқан. Осы оқиғадан кейін "ҚазМұнайГаз" компаниясы арнайы комиссияны жіберді. Тексерістің нәтижесінде екеуін де жұмыстан шығарып жіберді.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/02/15354161_56:0:1223:875_1920x0_80_0_0_bab996b4be3db64115ed753ba56f9905.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, мұнай өңдеу зауыты
атырау облысы, мұнай өңдеу зауыты
Атырауда мұнай өңдеу зауытының басшылығы тергеуге алынды
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің облыстық департаменті прокуратураның үйлестіруімен мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Зауыттың басшылығына айып тағылып отыр.
Айта кетері, бұған дейін зауыттың бас инженері әлеуметтік желіде видео жариялап, жаңадан тағайындалған бас директордың әрекетіне арызданды. Қаржыны жымқыру фактілері болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Бас дирекктор Ғалымжан Жусанбаев видео жазып, бірнеше қызметкерге қатысты қылмыстық істің қозғалғанын айтқан. Осы оқиғадан кейін "ҚазМұнайГаз" компаниясы арнайы комиссияны жіберді. Тексерістің нәтижесінде екеуін де жұмыстан шығарып жіберді.