АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың Парижде өтетін Олимпиаданың ашылу салтанатына бармайтынын айтты.
"Президенттің жұмыс кестесінде Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу қарастырылмаған", - деді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли тілшімізге.
Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты шілденің 26-сында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін президенттің қысқа мерзімді еңбек демалысына шыққанын хабарлаған едік.
Қазақстан құрамасы Париж-2024 жазғы олимпиадасына спорттың 25 түрінен 92 лицензия жеңіп алды. Ел намысын қорғауға барлығы 80 спортшы аттанды.