Тоқаев Парижде өтетін Олимпиаданың ашылу салтанатына қатыспайды

© Пресс-служба президента КазахстанаГосударственный флаг Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев вручил капитану национальной сборной Асланбеку Шымбергенову
Государственный флаг Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев вручил капитану национальной сборной Асланбеку Шымбергенову - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2024
Жазылу
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы айтты
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың Парижде өтетін Олимпиаданың ашылу салтанатына бармайтынын айтты.
"Президенттің жұмыс кестесінде Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу қарастырылмаған", - деді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли тілшімізге.
Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты шілденің 26-сында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін президенттің қысқа мерзімді еңбек демалысына шыққанын хабарлаған едік.
Қазақстан құрамасы Париж-2024 жазғы олимпиадасына спорттың 25 түрінен 92 лицензия жеңіп алды. Ел намысын қорғауға барлығы 80 спортшы аттанды.
Визит президента Владимира Путина в Казахстан для участия в саммите ШОС. День второй. - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Президент қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты
Жаңалықтар
0