АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының соңғы аптағы жағдайы талқыланды.
Ұсынылған деректерге сәйкес, екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа республикалық индексі тұрақты және 100% құрайды, деп хабарлайды сауда комитеті.
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар баға индексі де тұрақты, 99,9% құрайды.
Өткен аптада 10 тауар түрінің бағасы төмендеді. Олардың ішінде: сәбіз 1,8%-ға, қарақұмық жармасы 0,7%-ға, нан мен қант 0,3%-ға, жұмыртқа 0,2%-ға, сондай-ақ ұн, күріш, күнбағыс майы, сүт және сүзбе 0,1%-ға арзандады. Рожки, сары май, сиыр еті, тауық еті және айран сияқты басқа өнімдердің бағасы тұрақты.
Аймақтардағы азық-түлік бағасының жағдайы да тұрақты болып қала береді. Еліміздің төрт өңірінде – Астана қаласы, Қарағанды, Қостанай және Жамбыл облыстарында — баға тұрақтылығы байқалады. Бағаның төмендеуі бес өңірінде тіркелді: Ұлытау (-0,6%), Түркістан (-0,4%), Маңғыстау және Батыс Қазақстан (-0,2%), Алматы облыстарында (-0,1%).