https://sputnik.kz/20240723/qazaqstanda-aleumettik-manyzy-bar-azyq-tulik-tauarlarynyn-bagasy-qalay-ozgerdi-45830119.html
Елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қалай өзгерді
Елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қалай өзгерді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары... 23.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-23T12:23+0500
2024-07-23T12:23+0500
2024-07-23T13:37+0500
азық-түлік
баға
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38573396_0:207:2908:1843_1920x0_80_0_0_3b754f7bbd87636a1ac2ad267dc2158d.jpg
АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының соңғы аптағы жағдайы талқыланды. Ұсынылған деректерге сәйкес, екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа республикалық индексі тұрақты және 100% құрайды, деп хабарлайды сауда комитеті.Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар баға индексі де тұрақты, 99,9% құрайды.Өткен аптада 10 тауар түрінің бағасы төмендеді. Олардың ішінде: сәбіз 1,8%-ға, қарақұмық жармасы 0,7%-ға, нан мен қант 0,3%-ға, жұмыртқа 0,2%-ға, сондай-ақ ұн, күріш, күнбағыс майы, сүт және сүзбе 0,1%-ға арзандады. Рожки, сары май, сиыр еті, тауық еті және айран сияқты басқа өнімдердің бағасы тұрақты.Аймақтардағы азық-түлік бағасының жағдайы да тұрақты болып қала береді. Еліміздің төрт өңірінде – Астана қаласы, Қарағанды, Қостанай және Жамбыл облыстарында — баға тұрақтылығы байқалады. Бағаның төмендеуі бес өңірінде тіркелді: Ұлытау (-0,6%), Түркістан (-0,4%), Маңғыстау және Батыс Қазақстан (-0,2%), Алматы облыстарында (-0,1%).
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38573396_89:0:2820:2048_1920x0_80_0_0_c01f8379dd2a9ddb42ec8df5bd9267ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік, баға
АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының соңғы аптағы жағдайы талқыланды.
Ұсынылған деректерге сәйкес, екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа республикалық индексі тұрақты және 100% құрайды, деп хабарлайды сауда комитеті.
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар баға индексі де тұрақты, 99,9% құрайды.
Өткен аптада 10 тауар түрінің бағасы төмендеді. Олардың ішінде: сәбіз 1,8%-ға, қарақұмық жармасы 0,7%-ға, нан мен қант 0,3%-ға, жұмыртқа 0,2%-ға, сондай-ақ ұн, күріш, күнбағыс майы, сүт және сүзбе 0,1%-ға арзандады. Рожки, сары май, сиыр еті, тауық еті және айран сияқты басқа өнімдердің бағасы тұрақты.
Аймақтардағы азық-түлік бағасының жағдайы да тұрақты болып қала береді. Еліміздің төрт өңірінде – Астана қаласы, Қарағанды, Қостанай және Жамбыл облыстарында — баға тұрақтылығы байқалады. Бағаның төмендеуі бес өңірінде тіркелді: Ұлытау (-0,6%), Түркістан (-0,4%), Маңғыстау және Батыс Қазақстан (-0,2%), Алматы облыстарында (-0,1%).