Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Орбанға Украина бойынша жоспарына байланысты қысым көрсетіліп жатыр - Ердоған

Sputnik
АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украина бойынша жоспарына байланысты Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанға көрсетіліп жатқан қысым туралы мәлімдеді. Бұл туралы РИА новости жазды.
"Өткен аптада сәрсенбіде бізде Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан қонақта болды. Кездесуден кейін ол: "Біз Трамппен кешкі ас ішеміз (АҚШ президенттігіне кандидат – ред.)", - деді. Осы уақытта НАТО саммиті өтті. Келесі күні олар (батыста-ред.) Виктор Орбанды қатты сынай бастады. Олар: "олай деді, былай деді, біз Виктордың айтқанымен келіспейміз, оның айтқаны қажет емес", - деді. Орбан Мырза Мәскеуге барып еді сынға қалды. Ол Қытайға барды және дәл осылай сынға қалды. Содан кейін ол Шушадағы кездесуге қатысып, сол жерде де сынға ұшырады", - деді түрік жетекшісі. Бұл туралы ол Солтүстік Кипрден ұшып келе жатқан кезде ұшақ ішінде журналистерге айтқан.

Оның айтуынша, Анкара бұл процесті шыдамдылықпен бақылап отыр.

"Біздің ендігі міндетіміз - шыдамдылық. Осы шыдамдылықпен уақыты келгенде барлығын бірге жасаймыз деп үміттенемін", - деді Ердоған.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украинадағы қақтығыс әлемді блоктарға бөліп тастауы мүмкін – Орбан