https://sputnik.kz/20240707/ukrainadagy-qaqtygys-alemdi-bloktarga-bolip-tastauy-mumkin--orban-45541104.html
Украинадағы қақтығыс әлемді блоктарға бөліп тастауы мүмкін – Орбан
Украинадағы қақтығыс әлемді блоктарға бөліп тастауы мүмкін – Орбан
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Украинадағы қақтығыстың салдарынан әлем тағы блоктарға бөлініп кетуі мүмкін. Бұл туралы Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбан... 07.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-07T20:00+0500
2024-07-07T20:00+0500
2024-07-07T20:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39834864_0:0:2798:1574_1920x0_80_0_0_2925a7f3203b751cc3fe0babb191cc7b.jpg
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Украинадағы қақтығыстың салдарынан әлем тағы блоктарға бөлініп кетуі мүмкін. Бұл туралы Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде мәлімдеді, деп жазады MTI агенттігі.Оның айтуынша, Түркі мемлекеттері ұйымы Шығыс пен Батыс арасындағы жаһандық ынтымақтастықтың өмірлік маңызы бар тірегі болып отыр.Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыстың салдарынан әлем тағы блоктарға бөлініп кетуі мүмкін."Мажарстан әлем елдерімен ашық, бейбіт және белсенді экономикалық байланыстар жүргізуге мүдделі. Ал Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер бізге мықты әріптес болып отыр", - деп атап көрсетті Мажарстанның премьер-министрі.Бұған дейін Орбан Мажарстанның ондаған жылдар бойы Еуроодаққа сенгенін және оған өз ел амандығының кепілі ретінде қарағанын мәлімдеген. Алайда бұл одақ бағытынан шатасып, экономикалық жарыста АҚШ пен Азиядан қалып қойды. Оның болжамына сәйкес, алдағы он жылдың ішінде Ұлыбритания, Италия мен Франция үздік экономикалардың ондығынан шығып кетеді. Ал Германия төртінші орыннан оныншыға түседі. Себебі Азияның даму қарқыны қатты. Сол себепті соңғы кезде Еуропада Азия елдерімен тығыз ынтымақтастық орнатуды қолдайтын мемлекеттер көбейіп келеді.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39834864_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_e5e555b5d1c383edb686bc15f8a097d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Украинадағы қақтығыс әлемді блоктарға бөліп тастауы мүмкін – Орбан
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Украинадағы қақтығыстың салдарынан әлем тағы блоктарға бөлініп кетуі мүмкін. Бұл туралы Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде мәлімдеді, деп жазады MTI агенттігі.
Оның айтуынша, Түркі мемлекеттері ұйымы Шығыс пен Батыс арасындағы жаһандық ынтымақтастықтың өмірлік маңызы бар тірегі болып отыр.
"Тарихи тәжірибемізді ескеруіміз керек. Біз интеграция мен жаһандық ынтымақтастықты қалпына келтіруді көздейтін болашақты қалаймыз. Сол себепті Түркі мемлекеттері ұйымына Шығыс пен Батыс арасындағы жаһандық ынтымақтастықтың өмірлік маңызы бар тірегі ретінде қараймыз", - дейді Орбан.
Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыстың салдарынан әлем тағы блоктарға бөлініп кетуі мүмкін.
"Мажарстан әлем елдерімен ашық, бейбіт және белсенді экономикалық байланыстар жүргізуге мүдделі. Ал Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер бізге мықты әріптес болып отыр", - деп атап көрсетті Мажарстанның премьер-министрі.
Бұған дейін Орбан Мажарстанның ондаған жылдар бойы Еуроодаққа сенгенін және оған өз ел амандығының кепілі ретінде қарағанын мәлімдеген. Алайда бұл одақ бағытынан шатасып, экономикалық жарыста АҚШ пен Азиядан қалып қойды. Оның болжамына сәйкес, алдағы он жылдың ішінде Ұлыбритания, Италия мен Франция үздік экономикалардың ондығынан шығып кетеді. Ал Германия төртінші орыннан оныншыға түседі. Себебі Азияның даму қарқыны қатты. Сол себепті соңғы кезде Еуропада Азия елдерімен тығыз ынтымақтастық орнатуды қолдайтын мемлекеттер көбейіп келеді.