Алматы облысында үш турист құтқарылды

Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен оларға түсуге көмектесті
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында таудан үш турист құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
"Таулы жерлерде ТЖМ құтқарушылары іздеу жұмыстары барысында 15 пен 20 жас аралығындағы жоғалған үш туристі тапты. Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен оларға түсуге көмектесті. Жастар медициналық көмектен бас тартты", - дейді ведомство.
Жаз маусымында тауға шығып, қайтып түсе алмай қалған туристер саны толастар емес. Осыдан біраз бұрын Алматы тауларында туристер тобы құтқарылды.
Алматы облысының тауларында туристер құтқарылды