Алматы облысында үш турист құтқарылды

© Sputnik / Болат ШайхиновАхивтегі фото
Ахивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2024
Жазылу
Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен оларға түсуге көмектесті
АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында таудан үш турист құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
"Таулы жерлерде ТЖМ құтқарушылары іздеу жұмыстары барысында 15 пен 20 жас аралығындағы жоғалған үш туристі тапты. Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен оларға түсуге көмектесті. Жастар медициналық көмектен бас тартты", - дейді ведомство.
Жаз маусымында тауға шығып, қайтып түсе алмай қалған туристер саны толастар емес. Осыдан біраз бұрын Алматы тауларында туристер тобы құтқарылды.
Спасение туристки из Кореи в горах Алматы
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2024
Алматы облысының тауларында туристер құтқарылды
Жаңалықтар
0