АСТАНА, 20 шілде— Sputnik. Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан YDD Corporation компаниясына сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, оқиға 20 шілдеде таңғы сағат 04:10-да болған. № 1 пештен кенеттен өрт шығып, салдарынан кәсіпорынның 8 жұмысшысы түрлі дәрежеде жарақат алған.
"Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмысшылардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілуде", - делінген компания хабарламасында.
Компания зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіліп жатқанын және дәрігерлермен үнемі байланыста екенін жеткізді.