https://sputnik.kz/20240620/aqtobede-ferroqorytpa-zauytynda-bes-adamdy-kuyik-shaldy-45063355.html
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бес адамды күйік шалды
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бес адамды күйік шалды
Sputnik Қазақстан
Бұл ретте төтенше жағдайлар департаменті кәсіпорында өрт болмағанын, ешқандай шақырту түспегенін хабарлады 20.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-20T09:12+0500
2024-06-20T09:12+0500
2024-06-20T09:15+0500
ақтөбе
ақтөбе облысы
оқыс оқиға
https://sputnik.kz/img/1361/43/13614339_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_7814c23da341278172075e7078b2e6da.jpg
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытының 5 жұмысшысын күйік шалды.Олар облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, оқиға 19 маусым күні сағат шамамен 16:02–де тіркелген. 103 байланыс нөміріне Ақтөбе ферроқорытпа зауытының медицина қызметкерлерінен шақыру түскен. Оқиға орнына бірден екі бригада барған.Облыстық ТЖД және Апаттар медицинасы орталығына хабар берілген.Бұл ретте төтенше жағдайлар департаменті кәсіпорында өрт болмағанын, ешқандай шақырту түспегенін хабарлады.Әзірге кәсіпорынның өзі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
ақтөбе
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1361/43/13614339_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_423e6e249aa93f3e9f561c8b6f1867e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, ақтөбе облысы, оқыс оқиға
ақтөбе, ақтөбе облысы, оқыс оқиға
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бес адамды күйік шалды
09:12 20.06.2024 (жаңартылды: 09:15 20.06.2024) Бұл ретте төтенше жағдайлар департаменті кәсіпорында өрт болмағанын, ешқандай шақырту түспегенін хабарлады
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытының 5 жұмысшысын күйік шалды.Олар облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, оқиға 19 маусым күні сағат шамамен 16:02–де тіркелген. 103 байланыс нөміріне Ақтөбе ферроқорытпа зауытының медицина қызметкерлерінен шақыру түскен. Оқиға орнына бірден екі бригада барған.
Облыстық ТЖД және Апаттар медицинасы орталығына хабар берілген.
"42 жастағы науқастың бетін және екі білегін термиялық күйік шалған. Пациент облыстық ауруханаға жеткізілген, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты. Қолы күйіп қалған төрт қызметкер қызметтік көлікпен ауруханаға жеткізілген. Олардың денесінің 5-13 пайызын күйік шалған, олар травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы тілшімізге.
Бұл ретте төтенше жағдайлар департаменті кәсіпорында өрт болмағанын, ешқандай шақырту түспегенін хабарлады.
Әзірге кәсіпорынның өзі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.