Астанада ер адам жанып жатқан көліктен үш баланы құтқарды

Sputnik
АЛМАТЫ 20 шілде - Sputnik. Астанада жанып жатқан жеңіл көліктің ішінен үш бала құтқарылды, деп хабарлайды Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті.
Көлік жана бастағанда ішінде 3 бала болған, дейді құтқарушылар.
"Көлікте үш бала болған, оларды жанында тұрған куәгер алып шығып үлгерген. ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 13 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ", - дейді ведомство.
Сондай-ақ Семейде де бүгін көлік өртеніп кетті.
"Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында көліктегі өртті 11 минут ішінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда", - дейді 112 арнасы.
Ақтөбе облысында бүгін шөп өртеніп, салдарынан шаруашылық құрылыс пен көлік жанып кетті.
" Өрт сөндірушілер 100 шаршы метр алаңды қамтыған өртті толығымен жойды. Зардап шеккендер жоқ", - дейді өрт сөндірушілер.
Ұлттық ұлан офицері Ресейде баланы құтқарды – видео