Ұлттық ұлан офицері Ресейде баланы құтқарды – видео

© PhotoАкцию по изготовлению и установке защитных решеток на окна от падения детей проводят павлодарские осужденные
Акцию по изготовлению и установке защитных решеток на окна от падения детей проводят павлодарские осужденные - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Ұлттық ұлан офицері Жандос Нұрахметов Ресейде баланы ажал аузынан алып қалды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына hсілтеме жасап.
8 маусымда сағат 19:30 шамасында подполковник Жандос Нұрахметов Кострома қаласының Галичская көшесінде баласымен бірге серуендеп жүрген. Сол кезде екеуі бір үйдің қабатында ашық терезеде ойнап жүрген 4-5 жасар баланы байқаған.
"Мен өтіп бара жатқан тұрғындардан терезе алдында жалғыз отырған бала мен оның ата-анасы туралы сұрай бастадым. Балаға ішке қарай кір деп, қауіпті түсіндірмек болдым. Алайда балақай құлақ аспады. Сол маңда тұратын бір әйел келіп, бұл баланың денсаулығында кінәраты бар екенін айтты. Осы уақытта бала терезе арқауына асылып, сыртқа шығуға ұмтылды. Мен оның құлап кететінін сезіп, бар даусыммен айқайлай бастадым. Үйдегі ересек адам естісін дедім. Бірақ біреудің шыққанын күтіп тұруға болмайтынын түсіндім", - дейді Нұрахметов.
Ұлттық ұлан офицері газ құбырымен 2-қабатқа өрмелеп шығып, баланы ақырын ішке қарай итереді. Сосын өзі де кірген. Үйде баладан басқа ешкім болмаған.
"Мен кетсем, тағы терезеге шығып кетеді деп, балақайды көшеге алып шықтым. Одан кейін ата-анасын жақсы танитын көршілеріне тапсырдым", – деп атап көрсетті офицер.
Жандос Нұрахметов Ресей Федерациясының Кострома қаласында Кеңес Одағының маршалы С.К. Тимошенко атындағы радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау әскери академиясында дәріс тыңдап жүр. Оған 2022 жылы оқуға түскен. Дәріс бір айдан кейін аяқталады.
Астанада мектеп оқушысы 5 жасар баланы құтқарғаны үшін марапатталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2024
Астанада 5 жасар баланы құтқарған оқушы марапатталды
Жаңалықтар
0