Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

Sputnik
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасы.
Прокуратураның мәліметінше, Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды.
"17 шілде күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді", - делінген қадағалау органының хабарламасында.
Ведомство атап өткендей, сотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылықтар расталды.
Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың шаршы метр, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі "Nomad's Land" ЖШС иелік еткен.