https://sputnik.kz/20240719/mukhamediulyna-tiesili-sport-mektebi-memleketke-qaytaryldy-45765853.html
Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды
Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт... 19.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-19T11:20+0500
2024-07-19T11:20+0500
2024-07-19T11:56+0500
арыстанбек мұхамедиұлы
https://sputnik.kz/img/583/91/5839178_0:0:5207:2930_1920x0_80_0_0_167a4061e1abeeb7f19d711e5179f314.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасы.Прокуратураның мәліметінше, Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды."17 шілде күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді", - делінген қадағалау органының хабарламасында.Ведомство атап өткендей, сотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылықтар расталды.Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың шаршы метр, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі "Nomad's Land" ЖШС иелік еткен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/583/91/5839178_0:0:5067:3800_1920x0_80_0_0_22603ca12fc4140b95813e09c1dbebba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арыстанбек мұхамедиұлы
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасы.
Прокуратураның мәліметінше, Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды.
"17 шілде күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді", - делінген қадағалау органының хабарламасында.
Ведомство атап өткендей, сотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылықтар расталды.
Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың шаршы метр, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі "Nomad's Land" ЖШС иелік еткен.