Бектенов Қазақстандағы ең ұзын көпірдің құрылысын тексерді

Көпірді жыл соңында пайдалануға беру жоспарланған
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Бұқтырма су қоймасындағы Күршім көпір өткелінің құрылыс қарқынын тексерді.
Олжас Бектенов Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысының барысымен танысты
50 жыл бойы Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл, Күршім, Көкпекті және Қатон-Қарағай аудандары арасындағы көлік қатынасы жазғы уақытта паром арқылы, қыс мезгілінде мұз үстімен жүзеге асырылып келді. 2019 жылы ауқымды әлеуметтік маңызы бар жобаны – автокөпір өткелін салу міндеті қойылған болатын. Аталған жұмыс 2021 жылы басталды.
"Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев көпірдің барлық тірегі орнатылып, аралық құрылыстардың 20 металл конструкциясы дайындалғанын, оның 19-ы орнатылғанын хабарлады", - деп жазылған үкіметтің хабарламасында.
Екі жолақты автокөлік көпірі Қазақстандағы су үстіне салынған ең ұзын құрылым болады – оның ұзындығы 1316 метр, ал өткізу мүмкіндігі тәулігіне 80 мың көлікке дейін жетеді. Бүгінгі таңда нысан 80%-ға дайын. Көпірді жыл соңында пайдалануға беру жоспарланған.
Олжас Бектенов Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысының барысымен танысты
Сонымен қатар жоба аясында ұзындығы 18,6 шақырым болатын көпірге қосылатын жаңа автожол құрылысы қарастырылған. Бүгінде 7,7 шақырым төменгі жабын қабаты төселді.
1 / 2
Олжас Бектенов Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысының барысымен танысты
2 / 2
Олжас Бектенов Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысының барысымен танысты
"Қазір көпірдегі көлік қозғалысын іске қосу үшін жұмыстарды тезірек аяқтап, барлық күшті жұмылдыру керек", — деп тапсырды Олжас Бектенов.