ҰҚК Қырғызстанмен шекарада не себепті көлік кептелісі болып жатқанын айтты

Шекара қызметі Қазақстан тарапынан ешқандай шектеу енгізілмегенін мәлімдеді
Sputnik
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеттерінің біреуінде ғана көлік кептелісі болып жатыр, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
"ҰҚК Шекара қызметі қазіргі уақытта Қазақстан-Қырғыз шекарасында Алматы облысындағы "Кеген" өткізу пунктінде көлік құралдарының жиналғанын хабарлайды", - деп жазылған ақпаратта.
Бұған шекаралас аймақтағы жол жөндеу жұмыстары себеп болды.
"Басқа бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай шектеулер енгізілмеген", - деп нақтылады Шекара қызметі.

Шекарашылар осы мән-жайларды ескеруге және мүмкіндігінше қозғалыс бағытын түзетуге шақырды.
Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымын 2 млрд долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр