https://sputnik.kz/20240530/qazaqstan-men-qyrgyzstan-tauar-aynalymyn-2-mlrd-dollarga-deyin-arttyrudy-zhosparlap-otyr-44658764.html
Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымын 2 млрд долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр
Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымын 2 млрд долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Бірлескен күш-жігердің арқасында 2023 жылы өзара сауда көлемі 1,5 млрд АҚШ долларына жетті 30.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-30T21:29+0500
2024-05-30T21:29+0500
2024-05-30T21:29+0500
қазақстан
қырғызстан
тауар
экономика
https://sputnik.kz/img/359/97/3599761_0:0:3076:1731_1920x0_80_0_0_8008a1b422efa873530191ce84a486ec.jpg
АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев Қырғызстанға барып, Қырғызстанның экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиевпен екіжақты кездесу өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Рәпіл Жошыбаев та қатысты. Тараптар 2024 жылғы сәуірде Астанада Қазақстан мен Қырғызстан президенттері қол қойған "Одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты" және "Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді" іске асыруды талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Мәди Такиев Қазақстан Қырғыз Республикасымен көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ұмтылатынын атап өтті. Бірлескен күш-жігердің арқасында 2023 жылы өзара сауда көлемі 1,5 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл көрсеткішті 2 млрд долларға жеткізу жоспарлануда.Мәди Такиев "Қордай" және "Қарасу" өткізу пункттерінің, сондай-ақ қолданыстағы ақпараттық жүйелердің жұмысын тексерді.Ведомство басшысына шекараны кесіп өту кезінде бақылау жүргізу процестері көрсетілді, көлік құралдарымен шекараны кесіп өту алгоритмі айқын көрсетілді.Тәулігіне орта есеппен "Қарасу" өткізу пункті арқылы 500-ге жуық жүк машинасы, "Қордай" арқылы - 300 машина (5 тоннаға дейін) өтеді. Шекарадан өту уақыты шамамен 25-30 минутты құрайды.Сондай-ақ, министр ақпараттық жүйелердің функционалдығымен, атап айтқанда, тауарларды өткізу кезінде ықтимал бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесімен танысты.Жалпы, мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО елдерімен барлық шекарада тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етті, өткізу пункттерінде бақылау шаралары ЕАЭО туралы шарттың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
қазақстан
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/359/97/3599761_269:0:3000:2048_1920x0_80_0_0_c5e65e8d3e3b9ff737c97f03ebbff325.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қырғызстан, тауар, экономика
қазақстан, қырғызстан, тауар, экономика
Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымын 2 млрд долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр
Бірлескен күш-жігердің арқасында 2023 жылы өзара сауда көлемі 1,5 млрд АҚШ долларына жетті
АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев Қырғызстанға барып, Қырғызстанның экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиевпен екіжақты кездесу өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Рәпіл Жошыбаев та қатысты.
Тараптар 2024 жылғы сәуірде Астанада Қазақстан мен Қырғызстан президенттері қол қойған "Одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты" және "Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді" іске асыруды талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Мәди Такиев Қазақстан Қырғыз Республикасымен көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ұмтылатынын атап өтті. Бірлескен күш-жігердің арқасында 2023 жылы өзара сауда көлемі 1,5 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл көрсеткішті 2 млрд долларға жеткізу жоспарлануда.
"Менің ойымша, президенттер қол қойған құжаттар Қазақстан-Қырғыз қатынастарының дамуына жаңа серпін береді. Бүгінгі таңда бұған барлық деңгейдегі белсенді және сенімді саяси диалог ықпал етеді. Қиын геосаяси жағдайларға қарамастан, екі мемлекет кейбір бағыттарда сауда қатынастарын сақтап, нығайтты. Біз, қырғыз тарапы сияқты, жақын арада тауар айналымын 2 млрд долларға дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдап жатырмыз", - деп атап өтті ҚР қаржы министрі.
Мәди Такиев "Қордай" және "Қарасу" өткізу пункттерінің, сондай-ақ қолданыстағы ақпараттық жүйелердің жұмысын тексерді.
Ведомство басшысына шекараны кесіп өту кезінде бақылау жүргізу процестері көрсетілді, көлік құралдарымен шекараны кесіп өту алгоритмі айқын көрсетілді.
Тәулігіне орта есеппен "Қарасу" өткізу пункті арқылы 500-ге жуық жүк машинасы, "Қордай" арқылы - 300 машина (5 тоннаға дейін) өтеді. Шекарадан өту уақыты шамамен 25-30 минутты құрайды.
Сондай-ақ, министр ақпараттық жүйелердің функционалдығымен, атап айтқанда, тауарларды өткізу кезінде ықтимал бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесімен танысты.
Жалпы, мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО елдерімен барлық шекарада тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етті, өткізу пункттерінде бақылау шаралары ЕАЭО туралы шарттың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.