АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Еурокомиссияның қазіргі басшысы Урсула Фон дер Ляйен 2029 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында Украинаға әскери қолдауды жалғастыруға уәде береді.
Еуропарламент депутаттары бейсенбі күні Страсбургте Еуропалық комиссияның жаңа басшысы лауазымына Фон дер Ляйеннің кандидатурасына дауыс береді.
"Еуропалық қауіпсіздікке ең жақсы инвестиция – бұл Украинаның қауіпсіздігіне салынған инвестиция. Еуропаның қаржылық, саяси және әскери қолдауы қажеттілік болмай қалғанға дейін жалғасуы керек", - деп жазылған Фон дер Ляйеннің сайлауалды бағдарламасында.