https://sputnik.kz/20240710/ukraina-prezidenti-batysqa-undeu-zhasady-45578221.html
Украина президенті Батысқа үндеу жасады
Украина президенті Батысқа үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
АҚШ президенті Джо Байден 7 шілдеде Украинаға 225 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлетінін жариялады 10.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-10T12:08+0500
2024-07-10T12:08+0500
2024-07-10T12:08+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
зеленский
украина
https://sputnik.kz/img/07e7/05/19/35234909_0:290:2797:1863_1920x0_80_0_0_5e416382450b07a54ae6dd5dbe8d3737.jpg
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Владимир Зеленский Вашингтондағы президент Рональд Рейган атындағы қорда сөз сөйлеп, Украинаның одақтастарына үндеу жасады, деп хабарлады РИА Новости."Жаңа Patriot жүйелері көмектеседі. Бірақ олар жеткіліксіз. Бұл бес жүйенің көмегі көп", - деді ол.АҚШ президенті Джо Байден 7 шілдеде Украинаға 225 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлетінін жариялады. Пентагон соңғы жеткізілімге патрульдік катерлер, HAWK ЗЗК арналған зымырандар, Stinger зымырандары, HIMARS ЖОКЖ арналған оқ-дәрілер, 155 мм және 105 мм артиллериялық снарядтар, M113 броньдалған тасымалдаушылар, түнде көру құрылғылары және Javelin танкке қарсы кешендері бар екенін түсіндірді.Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген.Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/19/35234909_198:273:2522:2016_1920x0_80_0_0_4721837191f1a6f44b02ef22ebc5063d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зеленский, украина
Украина президенті Батысқа үндеу жасады
АҚШ президенті Джо Байден 7 шілдеде Украинаға 225 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлетінін жариялады
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Владимир Зеленский Вашингтондағы президент Рональд Рейган атындағы қорда сөз сөйлеп, Украинаның одақтастарына үндеу жасады, деп хабарлады РИА Новости.
"Жаңа Patriot жүйелері көмектеседі. Бірақ олар жеткіліксіз. Бұл бес жүйенің көмегі көп", - деді ол.
АҚШ президенті Джо Байден 7 шілдеде Украинаға 225 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлетінін жариялады. Пентагон соңғы жеткізілімге патрульдік катерлер, HAWK ЗЗК арналған зымырандар, Stinger зымырандары, HIMARS ЖОКЖ арналған оқ-дәрілер, 155 мм және 105 мм артиллериялық снарядтар, M113 броньдалған тасымалдаушылар, түнде көру құрылғылары және Javelin танкке қарсы кешендері бар екенін түсіндірді.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген.
Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.