Алматыда тағы бір автобус апатқа ұшырап, екі адам көз жұмды

Жол апаты 17 шілде күні түнде Алматының Медеу ауданында болған
Sputnik
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Алматыда тағы бір автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 17 шілде күні түнде Алматының Медеу ауданында болған. "Тойота" маркалы автокөліктің жүргізушісі Талғар тас жолымен батыс бағытта келе жатып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан "Тойота" көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды.Сараптамалар тағайындалды", - дейді полицейлер.
Бұған дейін автобус пен жүк көлігі аялдамада соқтығысып, тоғыз адам зардап шеккен болатын.
26 маусымда Алматының Алмалы ауданында автобус Мақатаев-Сейфуллин көшелерінің қиылысында жеңіл көлікпен соқтығысып, ғимаратқа соғылған болатын. Апат салдарынан 1 адам көз жұмған еді.
Алматыда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, тоғыз адам зардап шекті