АСТАНА, 16 шілде - Sputnik. Ақтау халықаралық әуежайында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов генерал-полковник Закир Гасанов бастаған Әзербайжан әскери делегациясын қарсы алды.
Ақтау қаласына Әзербайжаннан әскери делегация келді
© Photo
Қорғаныс министрлерінің алдында құрмет қарауыл ротасы сап түзеді. Әскери оркестрдің орындауында Әзербайжан мен Қазақстан мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Қазақтың қонақжайлылық дәстүрімен меймандар қымыз бен бауырсақтан ауыз тиді.
Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжан қорғаныс ведомствосының басшысы "Бірлестік – 2024" халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына алғашқылардың бірі болып келді. Оның белсенді кезеңі шілденің 16-17 күндері өтеді.